7 жасар бала оқиғасы: тергеу ісі аяқталды

819

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай елді мекенінде зорланды деген жеті жасар балаға қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы отбасының адвокаты Бауыржан Азанов ktk.kz хабарлады.

Бала ауылға анасымен бірге барып қайтты. Қасында адвокаттар және Бас прокуратураның тергеушілері болды. Бүкіл елді шулатқан іс бойынша әзірге басқа ақпарат жария етілмей отыр.

7 жасар балаға зорлық көрсетті делінген жеткіншектерге тегін қызмет көрсететін адвокаттар берілгені белгілі болып отыр. Күдік келтірілген жеткіншектердің мүддесін оңтүстікқазақстандық үш құқық қорғаушы қорғайтын болады.

Сарыағаш ауданының білім бөлімі сот-медициналық сараптама балаға зорлық жасау дерегін растамағанын мәлімдеді. Дегенмен сараптама нәтижесіне белсенділер мен еріктілер күмән келтіріп отыр.