Аңшыларға қиын болды…

520

Елімізде көктемгі аңшылық маусымына тиым салынды. Үш жылға. Ал құс атуға салынған тиым тіптен басқаша.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бұйрығы бойынша 16 ақпаннан 14 мамырға дейін суда жүзетін құстарды атуға тиым салынды.

Аталмыш тиым жылы жаққа ұшып кететін құстар мен су құстарының санын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Әсіресе ең алдыңғы кезекте сүңгуір үйректер қорғауға алынбақ. Құс атып, аң аулауды ермекке айналдырғандарға тұсау салынып отыр осылайша.

Егер тәртіпке бағынбағандар қолға түссе заң басынан сипамайды. Сондықтан да аңшы қауым әуесқой істерінен уақытша бас тарта тұруына тура келіп тұр