Сарыағаш аудандық соты жеке сот орындаушының ұсынысы бойынша үкімді өзгертті. Былтырғы жылы Шымкент қаласының 53 жастағы тұрғынына заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 1 134 500 теңге төлеуге үкім кескен болатын.
Айыпкерге егер де айыппұлды төлемеген жағдайда бас бостандығынан айырылатындығы жөнінде де ескертілген болатын. Өзінің айыбын мойындамаған айыпкер сот шешімін құлағына да қыстырмаған. Есесіне Сарыағаш аудандық соты айыппұлды қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілікке өзгертті.