Апатты мектептер қатары азаяды

419

Күнгейдің алтын құрсақты аналары соңғы әлетте демографиялық дүмпу туғызып, ұлт санының көбеюіне қомақты үлес қосуда. Мектеп бітірушілерден гөрі мектеп табалдырығын енді аттайтын бүлдіршіндердің қатары артып келеді. Қуанарлық жағдай.

Бала санының артуы ең алдымен балабақша, мектеп жетіспеушілігін тудыруда. 3 милионнан астам тұрғыны бар өңір үшін мектеп бірінші орында тұрған мәселе. Үш ауысымды мектептердің қатарын азайту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Биыл өңірімізде жаңа 50 мектеп пайдалануға берілмек. Соның арқасында өңірдегі апатты жағдайда тұрған 12 мектеп төртеуге азаяды, ал 3 ауысыммен оқытатын 12 мектептен 8-і қалады. Бүгінгі таңда 15 білім ұясының құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда.

Алдағы уақытта бесеуі республикалық бюджет есебінен бой көтереді. Ал қалған мектептердің құрылысына қаржы жергілікті қазынадан қарастырылған. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша 252 мектеп салуды жоспарлап отыр. Оларды 2027-ші жылға дейін салу жоспарланған.