Арт-терапия көрмесі ашылды

1159

Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында ЮНЕСКО халықаралық стандарттарына сәйкес ғылым және өнер докторы, арт-терапевт, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ақын, емші, суретпен емдейтін суретші, Төлеби ауданының тумасы Бақтыбек Талқамбаевтың «Басында Қазығұрттың кеме қалған» атты арт-терапиялық көрмесі ашылды.

 

 

 

Шығармашылығын 70-ші жылдардың ортасында бастаған суретші бүгінде көптеген еңбектерімен танымал. Ең алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласында суретші, сәулетші, болып бастаған. Бақтыбек Талқамбаев, 1981 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Бақтыбек Талқамбаевтың көптеген жұмыстары шет ел жеке коллекционерлерінің қорында — Жапония, АҚШ, Англия, Түркия, Франция, Болгария, Норвегия, ТМД елдерінде сақтаулы.

 

 

Бүгінгі көрмеге суретшінің және шәкірттерінің жұмыстары қойылған. Ашылу салтанатына келушілердің қатарың қалың болды. Көрме бір апта бойына жалғасады деп жоспарлануда.