Автокөлік аккумуляторын ұрлағандар құрықталды

394

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не облыс орталығының тұрғындары арызданған, онда белгісіз тұлғалар олардың автокөліктерінің аккумуляторын ұрлап кеткенін көрсеткен. Сонымен, жәбірленушілердің бірі өткен жылдың желтоқсан айында арампиғылдылар оның жүк көлігінің бағасы 50 мың теңгеден асатын екі аккумуляторын ұрлап кеткенін хабарлаған

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында төрт күдіктіні ұстады, олар 1993 және 1994 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейлер анықтағанындай ұсталғандардың аккумулятор ұрлығының 5 жайтына қатысы бары белгілі болды. Күдіктілер ұрланған заттарды жергілікті сауда нүктелеріне сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің басқа да бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмас үшін автокөлік иелеріне бірнеше сақтық шараларын жасауды ескертеді. Өз автокөлігіңізді ашық күйде және онда ақша мен бағалы заттарды қалдырмаңыз. Автокөлігіңізге дабыл жүйесін орнатып, күзетілетін автотұраққа қалдырыңыз.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы