Бәйгеге түсті ұландар…

642

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Шардара ауданында да кеңінен тойлануда. Ұлттық ойындарды дамыту, халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өнерін бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру, салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрыпымызды насихаттау және жастардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Төменгі тоғай елді мекенінде жастар арасында қазақтың ұлттық «Бәйге», «Теңге ілу» және «Аударыспақ» ойындарынан жарыс өткізілді.

Тұлпар мініп, бәйгеге шапқан ұландар өздерінің ұлттық спортқа деген қызығушылықтарының жоғары екендігін байқатты. Әсіресе ептілікті аса қажет ететін теңге ілу жарысы аса қызықты өтті. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.