Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Шымкент қаласында «жіті ішек инфекциясы» диагнозымен ауруханаға бір уақытта түскен бірнеше науқастың жағдайы бойынша мәлімдеме жасады.
Олардың алғашқы легі Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 29 — 30 наурызы күндері аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Науқастар бірнеше рет тоқтамай құсу мен іш өтуге шағымданған. Бүгінгі уақытта олардың қатары 39-ға жетті. Түскендердің 21-і ересек адамдар,11 бала 14 жасқа дейін және 7 жасөспірім.
Науқастардың 3-уі аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды (оның ішінде 1 ересек адам — біреуі жүкті әйел), екеуі жасөспірім бала. Бүгінгі күнге барлық науқастардың жағдайы тұрақты, оларға тиісті ем – дом көрсетілуде.