Бейнекамера күдіктіні ұстап берді

537

Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне 32 жастағы әйел азаматы арызданған, онда қоғамдық көлікте оның әмиянын және ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осындай арыздармен полиция бөліміне тағы бірнеше қалта ұрыларынан зардап шеккен жәбірленушілер арызданған.

Түркістан ҚІІБ-ның полицейлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні қолға түсірді. Ол 1982 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің жалпы соммасы шамамен 200 мың теңге көлемінде бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 жайтына қатысы бар екендігі анықталған.

Қалта ұрысы облыс орталықтарынан Түркістан қаласына келген автобустарда және адам көп шоғырланған жерлерде ұрлық жасаған. Тұрғындардың ұқыпсыздығын пайдаланып күдікті жәбірленушілердің әмияндарын және басқа да бағалы заттарын қолды қылып, оқиға орнынан бой тасалап отырған. Полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне ұрлық болған жерлерде орналасқан бейнебақылау камерасының көмегімен түскен. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.