Бір отбасы мүшелерін өлтіріп кетті

682

ОҚО, Сайрам ауданында жүректі ауыртар қанды оқиға орын алды. Көршілерінің сөзіне сенсек, 1933 жылы туған кейуана 1960 жылы туған перзентін өлтірген. Бұл қылмысқа қатысты қандай да бір ресми ақпарат беруге құзырлылар асығар емес.

Сондай ақ, бүгін 16 наурыз күні Шымкент қаласы Тассай елдімекенінде де жантүршігерлік қанды қылмыс орын алды. Белгісіз біреулер жергілікті кәсіпкердің отбасын қырып кеткен. Анасы мен әйелін өлтіріп кеткендердің қолынан қашып құтылған студент қызы полицейлерге хабар берген.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері қандықол қылмыскерлерді іздестіруде. Оқиға орнында қылмысты ашу мақсатында барлық қажетті процедураларды жүргізіп жатыр.