Күнгейде Әз Наурыз мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Дәлірегі — «Достық» шаңырағы — Қазақстан халқы ассамблеясының өңіріміздегі өкілдері айтулы мейрамды айрықша атап өтті.
Думанды шара «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдында, жерлестеріміздің қатысуымен өрбіді. Иісі мұсылман қауымның қасиетті тойында этнос өкілдері концерттік бағдарламасын ұсынып, түбі бір түркі елінің төл өнерін ұсынды. Мәдениетін таныстырды.
Ұмытылар шегіне жеткен салт-жоралғылар да көптің алдында дәріптелді. Сондай-ақ, мерекенің мерейін асыратын әндер орындалып, тұрғындарды құрметке бөледі.«Наурыз думан» шарасында мерекелік көрмелер мен игі жобаларға ай бойы атсалысқан жандардың еңбегі де ескерусіз қалмады. Ұйымдастырушылар алқасы алғыс хаттарын тапсырып, марапаттады.
Айта өтетін ақпарат, Елбасының жарлығымен облысымыздағ 20 этно-мәдени орталық осыдан 23 жыл бұрын қызметін бастаған. Ал бүгінде бір ғана Оңтүстік өңірінде 108 өзге ұлт өкілі өмір сүреді.