Наурыздың алғашқы онкүндігі жаңбырлы болды. Нәтижесінде, ағаштар бүршік жарып, жерде көк пайда болды. Алайда, ауа райын болжаушылар «дәнді дақылдарды егуге ертерек. Оны наурыздың үшінші он күндігінен бастаған жөн», — деп кеңес береді.
Жұлдызшылардың болжамынша, суық күндер наурызда да болады. «Сондықтан шаруалар тұқым сеуіп, шығындалмас үшін ауа райының тұрақтағанын күткені абзал. 14,15,16 17-шы наурызда ауа райы күрт өзгереді.. », — дейді жұлдызшы, ауа-райын болжаушы жерлесіміз Нұрғабыл Қозыбаев.
Шынар Оразова