Елбасы бастамасы жергілікті жастарды жігерлендіре түсті

489

Ұлт көшбасшысының баспана алу жолдарын оңтайландырып, мемлекеттік грант санын көбейту туралы шешімі білікті кадрлар даярлауға тың серпін береді.

Бұл бастама жастардың жоғары білім алуға деген ынтасын арттырады. Бүгін Шымкентте аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиында жастар Президенттің 5 әлеуметтік бағдарламасын талқылады.

«Біздің міндет — алаңсыз білім алып, байтақ елдің бір кірпіші болып қалану. Президенттің жастарға артқан сенімін ақтап, мемлекетіміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында аянбай еңбек ету», — дейді кіші буын. Ал бүгінде ізденімпаз қауымның басын ауыртқан жатақхана мәселесінің Елбасы назарын аударғанына дән-риза.