Еріктілер мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанышқа бөледі

923

Облыстық «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің мүшелері кезекті рет қайырымдылық жасап, өзгеге жылу сыйлады.

Бұл жолы «Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясның» фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының студенттерімен бірігіп, №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілерін қуанышқа бөледі.

Әз-Наурыз мейрамына орай мал сойып, палау басып балаларға қайырымдылық көрсетті. Тәттілер мен сыйлықтар да ұмыт қалған жоқ.

Сондай-ақ, 100-ден аса мүмкіндігі шектеулі  балақай арнайы дайындалған концерттік бағдарлама мен сахналық қойылымдар тамашалады.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет сыйлауды ұстанатын жастар мұнымен тоқтап қалмақ емес, алда игі бастама өз жалғасын табады дейді еріктілер.