«Алғыс айту» күні талай жүректерді жылытты. Мейірім ұялатты. Атаулы күннің шапағатын талай жан көрді. Тек «өтті ме, өтті» деп қағаз бетінде белгілеу үшін емес, шын жүректен, шын ниетпен игілікті іс атқарып жатқандардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады.
Қатыгездік жайлаған кезеңде жүректерге жылулық сыйлап, адами қалыптың зор үлгісін көрсеткендер көп. Үнсіз ғана, қоғам үшін қызмет атқарып жүрген, жәй ғана көше тазалап жүргендерге шынайы ақжарма тілектерін жеткізіп, алғыс айтқандар көп болды.
Сәл ғана назар аудару, сәл ғана ілтипат кейбіреулердің көзіне жас үйірілтті. тек сөзбен ғана емес, іспен дәлелдегендер баршылық. Ордабасы ауданында игілікті шара бастау алды. Жаны жаралы, мейірімге мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсете бастады.
Бұрын соңды ауданда мұндай қызмет түрі болған емес. Енді олар қиындықты ұмытып, қажетті жеріне бару үшін қоңырау шалып, аталған қызмет түрін пайдалана алады.