Болашақ сарбаздар дайындала берсе болады. Жуық арада Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге шақырту басталмақ.
Биылғы жоспар бойынша 1991-2000 жылғы туылған 17 мыңнан астам азамат шақыртылмақ. Шақырту және медициналық комиссия бүгінде жұмыстарын бастады. Қарулы күштер қатарында қызмет ететін жастардың қатарын толықтыру мақсатында негізгі жұмыстар басталып та кетті.