Шымкентте елде жоқ, ерекше көлік жүйіткіп жүр. Осыдан оншақты жыл бұрын мұндай аппақ лимузиндер той салтанатының сәні тұғын. Бүгін де сәннен қалып отырған жоқ. Шетелдік қымбат бағалы көлігіңізден артық.
Шымкенттік Мұрат Искендеровты көне көліктер коллекционері десе де болады. «Лимузин лог» деп аталатын мына көлігіне ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, су жаңа көліктей орғып тұр. Өзі көлік жөндеумен айналысатын шебер көне де болса жаңа көлікті құрап сұрап су жаңа көліктей ғып шығарған.
Ескі көлікті қайта құрастырып шыққанға 300 мың теңге жұмсапты. 5 айдың ішінде шашылып қалған көлікті жинап, құрастырып шыққан. Алдыңғы торшасын, бамперін, шамдарын жаңалаған. Одан кейін кәдімгі мерседес 180 көлігін ортасына темір жалғап ұзартып лимузинге айналдырған. Көлік жөндейтін шебер ескі көлікті естен тандырарлықтай керемет етіп шығарған. Алғашқы нұсқасына толық өзгеріс енгізіп ұзындығын ұзартқан.
Шебер Мұрат Искандеров: «Көне көліктер жақсы, сүйегі мықты, ал жаңа көліктердің металы нашар. Тез бұзылады» дейді. Елден ерек көлікке қызығушылар көп. Тіпті «Жап-жаңа көлікке ауыстыр» деп өтініш жасағандар да болыпты. Алайда шебер қолдан құрастырған көлігін қимайтындығын айтты.
Арғымақтай орғып тұрған ерекше көліктің Жап -жаңа көліктерден еш айырмашылығы жоқ, ауа баптағышы да, ауа сапасын бақылайтын құрылғысы да бәрі бар. Ал ішкі салоны тіптен керемет. Кең, жайлы, ыңғайлы. Кезінде ауылдарда тойдың кортежіне мінеміз деп қатты қиылып сұрағандар да болыпты.
Лимузин лонг деп аталатын көлік Үндістанда ең керемет көлік саналады. Сұранысы жоғары. Шымқалада да өзге көліктерге ұқсамайтын өзгеше көлікке қызығушылар көп. Қомақты қаржы ұсынғандар да болыпты. Алайда көне көліктерден коллекция жинағанда ұнататын ұста оған көне қоймаған. Бүгінде ескі джип көлігін құрастырып бастапты. Бір екі айда толығымен бітіремін деп отыр. Сол кезде ол да ерекше көлік болады деп қызықтырып қойды.
Г. Жұмаш