«Меруерт ана» бөбекжай-балабақшасы ашылды

1280

Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында жаңа үлгідегі «Меруерт ана” бөбекжай балабақшасы ашылды. Мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында бой көтерген ғимаратта 100 бала тәрбие алады. Қазіргі таңда ауданда 13 мемлекеттік, 50 -ден аса жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді. Яғни, ауданда балабақша кезегі дер кезінде шешіліп келеді.

Тұрбатта үлкен той. Ауылда замануи талаптарға сай 100 орынды балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде кәсіпкер нысанды өз қаражаты есебінен — 50 млн теңгеге, жарты жылда салып үлгерді. Ауылдың қариялары жерлестерін игі бастаманы қолдап, туған жерді өркендетуге үлес қосуға шақырды. Халық саны 109 мыңнан асқан Қазығұрт ауданында бүгінде 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша бар. “Балапан” бағдарламасы аясында бой көтерген бөбекжайларда 8 мыңнан астам балалар тәрбиеленуде. Бұл мектепке дейінгі балалардың 91,6 пайызын құрайды. Жаңа балабақшада Тұрбат аулының 30 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Балаларды тасымалдау мақсатында Газель автокөлігі сатып алынған. Келешекте дербес жылу қазандығы газ жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Ең бастысы қазығұрттық кәсіпкерлердің жергілікті билікпен бірлесе туған өлкесінің өркендеуіне ат салысқаны өзгелерге үлгі.

Шынар Оразова