Өткен жылдың қараша айында Сарыағаш АІІБ-ның полиция бөліміне хабарлама келіп түскен, онда аудандық ауруханаға дене жарақатымен ер азаматтың жеткізілгені туралы көрсетілген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жергілікті моншалардың бірінде жарақат алған азаматтың Қызылорда облысының тұрғыны екенін анықтады.
Тергеу барысында 50 жастағы ер азаматтың монша қызметкерімен өзара жанжал туындағаны, әйелге көмектесуге оның үш ұлы келіп, клиентті ұрып-соғып, 170 мың теңгесін алып қойған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1980, 1982 және 1992 жылы туылған жергілікті тұрғындары анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, тонау жайты бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы