Созақ ауданының құрылғанына биыл 90 жыл толады. Соған орай ауданда түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Наурыз аруы — 2018» байқауы өтті.
Ең алдымен «Сәлем-сөздің атасы» атты сәлемдесу турында, өзін-өзі таныстыру бойынша өтті. Өз өнерін ортаға салғандар бірі би билеп, бірі көркем сөз оқып, бұл қнерден де құралақан емес екендіктерін байқатты. Наурыз мерекесіне орай түрлі дәм әзірлеп, әділқазылар назарына ұсынды.
Бірінен бірі өткен сұлулардың арасынан нағыз аруды таңдап алу оңайға соққан жоқ. Байқау қорытындысына сәйкес Бас жүлдені шолаққорғандық Егемберді Ақжарқын, жүлделі 1-орынды құмкенттік Өтеген Балкерім, 2-орынды жартытөбелік Төлепберген Аружан, 3-орынды Сарыжаз елдімекенінен келген Есенбай Ғалия иеленсе ынталандыру сыйлықтарымен Әшірметова Рухсара мен Садуақасова Нұрсұлу марапатталды.