«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы ОҚО нотариалдық округінің жеке нотариусы Әлия Жұманазарова:
— Нотариус қандай нотариалдық мәмілелер жасайды?
— Жалпы нотариалдық көрсетілетін қызметтердің түрі өте көп. Күнделікті көп кездесетін қызмет түрі ол — ксерокөшірменің түпнұсқалығымен куәландыру, сату — сатып алу келісімшарты, сыйға тарту, өсиеттерді куәландыру, сенімхаттарды куәландыру жұмыстары. Мұрагерлікті жүргіземіз.
— Мұрагерлік дегенде сауал туындап отыр, мәселен, ата- анам немерелеріне мұра ретінде дүние мүлкін қалдырып отыр. Ол үйді қызым 18 жасқа толмайынша мен оны сата алмаймын ба?
— Ия, бұл өте көп кездесетін жағдай. Кей адамдар «үйді баламның атына ауыстырып қойсам, кейін сата алмай қаламын ба?» деп сұрап жатады. Мұндай жағдайда кәмелетке толмағандардың мүддесін ата — анасы немесе қамқоршылары қорғайды. Заңды өкілдердің арасында заңды бұзатындары да бар. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын мекемелер де бар. Олар әрекет қабілеттілігі толық болмағандықтан олардың атындағы мүліктердің қорғалуын құзырлы мекемелер қорғайды. Олардың рұқсатынсыз жасауға болмайды. 18 жасқа толуын күтудің қажеті жоқ. Кәмелетке толмаған балалардың атынан мұрадан бас тарту, сыйға тарту туралы іс әрекетке құзырлы органнан рұқсат алу мүмкін емес. Өйткені мұның барлығы кәмелетке толмаған баланың мүлкінің жоқ болып кетуіне әкеп соғатын нәрселерге құзырлы органдар жіті қарайды. Заңды өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 5 күн ішінде нотариалды куәландырған арызын өткізгеннен кейін құзырлы орган баланың дүниесіне зиян тигізетін іс әрекеттердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана рұқсат етеді.
— Нотариустар көрсеткен қызметі үшін әртүрлі бағалай ма, жоқ белгілі бір бағасы бар ма?
— Салық кодексі мен нотариаттық заңымен белгіленген тұрақты баға болып есептеледі. Бұл жыл сайынғы айлық есептік көрсеткішпен есептеледі пайызымен. Бұл баға тұрақты. Сату, сатып алу келісімшарты жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға деп бөлінеді. Егер бір тарап заңды тұлға болса келісімшарт бағасы 40 885 теңгені құрайды. Ал жеке тұлғалар арасында 28 8860 теңгені құрайды.