Сарыағашта жеті жасар баланы жоғарғы сыныптың оқушылары айуандықпен бес-алты рет зорлаған. Жастайынан қорлық көрген балақайдың туыстары осылай дейді.
Айтуларынша, ауданға қарасты Жүсіп Баласағұн мектебінің бір топ оқушылары жеті жасар балаға жабылып, күштеп зорлық көрсеткен. Бұл сұмдық жағдай бірнеше рет қайталанды дейді зардап шегуші тарап. Жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады. Анасы отбасын асырау үшін Алматыға жұмысқа кеткен. Ал әкесінің кім екенін ол білмейді.
Дінмұханбет Артықов, қоғамдық қорғаушы: «Жетінші сыныптың оқушылары қорғансыз баланы бес-алты рет зорлаған. Басқа мектепте оқыса да таныстары арқылы сыртқа шығарып алып, әжетханаға апарып зорлаған. Тағы сарайға апарып ұрып соққан. Полицияға арыз жазған баланың апасы. Бірақ ешкім құлақ аспаған».
Оңтүстік Қазақстан облыстық сот сараптама институтының мамандары баланың зорланбағанын анықтаған. Сарыағаш аудандық ауруханасы да оқушының денесінен ұрып-соғу белгілерін таппапты. Дегенмен, зорлану оқиғасы бес алты рет қайталанды деген жәбірленуші тараптың айтуымен, экспертиза екінші рет тағайындалды дейді құзырлылар.