Шымкентте «Mobil plus hom» мобильді желілер салонының дүкені ашылды. Бірегей сауда орнында смартфондар мен гаджеттердің түр түрін табуға болады. Сондай-ақ үйге қажетті бұйымдар мен сапалы косметикалар, кеңсе заттарының таңдауы да кең.

Есігін айқара ашқан жаңа дүкеннің ашылуында жанды дауыста әуезді әндер шырқалып, түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Сыйлықтар мен тарту таралғылар да жеткілікті. Сауда орнының ашылу шарасына жүздеген тұрғын жиналды.

Сәнді дизайнмен ерекше стильде жабдықталған жаңа дүкеннің көрінісі көз тартады. Мұнда смартфондар мен гаджеттердің түр-түрін, үйге қажетті бұйымдарды да шертіп жүріп алуға болады.

Mobil plus homе брендінің өзге де сауда нүктелеріндегідей мұнда да үш қағида қатаң сақталады. Сертификатталған тауарлардың сатылуы және әрдайым мінсіз сапа төмен бағаларға ден қойылады.

Дүкеннің ашылуына орай клиенттерге түрлі сыйлықтар мен сауда — саттық жасауға сертификаттар беріледі. Mobil plus homе дүкені таңғы сағат 9:00-ден кешкі 22:00 — ге дейін жұмыс істейді. «Север» шағынауданы, 1 үй «Север» сауда үйінің жанында.