Шымкентте жұмыссыздық мәселесі талқыланды

445

 Кәсіпкерлік палатасының мамандары мен бизнес өкілдері екі қолға бір күрек таппай жүрген дипломды жастардың жайына алаңдаулы. Бизнес өкілдері кадр дайындауда педагогтарды бірлесіп жұмыс істесуге шақырды.

Бүгінгі талапқа сай мықты мамандар дайындау үшін алдымен орта арнаулы және жоғары білім беретін оқу орындарының материалдық базасы мен ұстаздардың білім-біліктілігін арттыру керек дейді олар.

Педагогтардың да өз айтары бар. Жергілікті оқу орындарының өкілдері кәсіпкерлерге ұсынылған ұсыныстардың аяқсыз қалатынын айтады. Осындай түрлі пікірлер ортаға салынған жиында сарапшылар диалог алаңы құрылатын болып шешілді. Әлеуметтік желілерде жұмыс берушілер мен оқу орталықтарының өкілдері жарияланған бос жұмыс орындары негізінде кадр даярлауды жүйеге қоюға болады дейді бастамашылар.