Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданындағы «Тастақ 1» елдімекенінің тұрғындары жолсыз қалды. Асфальттің аяқ астынан түсіп кеткені соншалық, қалалықтар аулаға көлікпен кіруден қалған.
Үйге дейінгі жолда жарты метрлік шұңқырлар пайда болған. Бұл көшеде жол жөндеу жұмыстары жақында ғана жүргізілген. Әдеттегідей, коммуналшылар өз шаруларымен жөнделген жолды қайта қазған. Жергілікті тұрғындар кәріз жүйесін жүргізген мердігер компанияны кінәлап отыр. Бұл жұмыс қалалық ТҮКШ бөлімінің тапсырысымен атқарылған.
Махамат Исмаилов, «Югсантехмонтаж» ЖШС-нің өндіріс бөлімінің басшысы: «Біз өткен жылдың қара күзінде жөндеу жұмыстарын аяқтағанбыз. Қайта жолды толық реттеуге үлгермедік. жаңбыр жауып, қар түсті дегендей… Барлығын мүмкіндігімізше қайта қалыпқа келтіруге тырысудамыз. Шағым түскен сәтте біз келіп шұқырларды реттеп, жолды жөндеп кетеміз. Күн жылынса болды…»
Енді жол мердігер компанияның есебінен жөнделетін болды. Тек күннің жылуын күту керек екен.