Математикалық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы мен екі сала пәнін таңдау. Барлығы нағыз ҰБТ іспеттес. Уайым, жоғары сынып оқушылары үшін маңызды үш сағат. Далада мейрам, ал Оңтүстік Қазақстан педагогикалық универститетінің аудиторияларында ҰБТ тапсыру шарасы өтуде.
ЖОО мен қалалық білім беру бөлімі оқушылардың білім деңгейін анықтау және маңызды күнге дайындауды осылайша ұйымдастыруды жөн көріпті. Оған қоса сынақтың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткендер марапатталады.
Мұрат Жарқынбеков, ОҚПУ ректоры: «Біздің университет мектептегі білім деңгейін арттыруға ең жоғары балл жинаған балаларға грант бөлді. Бірінші, екінші, үшінші орын алған оқушылардың 1 орын үшін 100 пайыздық грант, екінші және үшінші орын үшін 70 пайыздық жеңілдік».
ҰБТ сынағынан өткеннен кейін оқушылар Наурыз мейрамын атап өту үшін Орталық саябаққа аттанды. Ұйымдастырушылар мерекелік шара балалардың көңіл күйін көтереді деген ойда. Ал болашақ түлектер сынақ психологиялық тұрғыда ауыр болғанын айтады.
Камола Халметова, оқушы: «Психологиялық тұрғыда өте ауыр. Біз не күтіп тұрғанын білмейміз. Бұл сынақ, сондықтан да оның оң әсері де бар. Егерде қателіктер болса да, оларды алдағы ҰБТ-де қайталамауға тырысамыз. Таңертең жүйкеміз тозып, әр нәрсені ойладық, қазір міне мейрам. Бізді мұнда жылы қарсы алуда. Көңілді».
Артем Аверкин, оқушы: «Ең күрделісі — бекітілген уақытта барлығын үлгеру. Ал емтихан аяқталысымен көңіл күйің көтерілетіні заңдылық. Сондықтан да жақсы ойлау маңызды»
Көктем мейрамында концерттік бағдарламадан бөлек дастархан жайылып, ұлттық көрме ұйымдастырылды. Наурызға келген әрбір азамат елеусіз қалмады. Мұнда барлығын құшақ жая қарсы алды.
Навруза Рахманова, мейман : «Мені кеше ескерткен еді. Мен мейрамға өзбек ұлттық костюмінде келдім. Барлығы керемет. Көңілді. Біздің жаңа жыл ғой. Сондықтан оны қалай қарсы алсаң, жыл солай өтеді. Барлығына бақыт тілеймін».
Мерекелік шара ән, би, ұлттық ойындармен жалғасты. Тілектер де айтылды. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлағандар түлектерге сәттілік тілеп тарқасты.