«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы облыстық білім басқармасына қарасты орта білімді дамыту және жаңа технологиялар бөлімнің басшысы Әлібек Кенжебаев:
— Бүгінде қала мектептерінде суицидке қарсы жаңа жоба енгізілуде. Ал облыс бойынша қандай бастамалар қолға алынып, жүзеге аспақ?
— Бір ай уақыт бұрын Білім және ғылым министрлігі пилоттық жоба ретінде суицидке қарсы жастар басқармасынан арнайы жаңа бөлім ашты. Басқармамыздағы 5 қызметкер сонда ауысты. Пилоттық жоба біздің облысымызда ғана жүзеге асырылуда. Биыл осы мәселемен нәтижелі жұмыс атқарылатын болса келесі жылы басқарма болып бөлек құрылады деген жоспар бар.
— Облыс бойынша қанша мектеп, қанша оқушы бар? 5 жыл ішінде суицидке барған қанша оқушы тіркелді?
— Облысымызда 634 мыңнан астам оқушы бар. Оқушы саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Басқа облыстарға қарағанда. Суицид мәселесі жалғыз біздің облыста ғана емес, өзге облыстарда да орын алуда. Бұл мәселе бүгінде қаралып жатыр, зерделеніп жатыр. Жобаларға енгізілуде. Негізінен Шымкент, Түркістан қалаларында, Сайрам, Қазығұрт аудандарындағы ұлттық мектептерде тіркелуде. Алдыңғы жылдары ҰБТ кезінде суицид көбірек орын алған еді. Соңғы екі жылда саябырсыды. Бүгінде белгілі ҰБТ -де жаңа форматтар қолға алынуда. Екі рет тапсыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарына алдын ала дайындық топтарында дайындалып, қыстың күні қайта тапсыруға мүмкіндік берді. Жоғары сыныпта бұл мәселе тоқталып отыр. Орта буын яғни 6-шы,7-шы сыныптарыда көрініс беруде.
— Статистикаға ойысайықшы, жыл басынан бері суицидтің 5 жағдай тіркеліп, үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал облыстағы мәліметтер қандай?
— Өткен жылы өзін өлімге қиюға бел байлаған 22 жағдай орын алған. Биылғы жылы 20 -ға жетіп отыр. Көрсеткіш төмен. Бірақ азаймай отыр. Суицид мамандардың аздығынан болуы да мүмкін. Облыс бойынша 900-ден аса психолог жұмыс істейді. Олардың көбісі яғни, 60 пайызы жоғары оқу орнын сырттай бітіргендер. Екінші мамандық ретінде оқыған. Өз мамандығы бойынша білім алған психологтар өте аз. Жоғары оқу орындарында осы мамандықтарды көбейту керек. Суицидолог мамандар да мүлдем аз.
Маман ретінде айтыңызшы бұл жағдай мектеп қабырғасындағы психолог мамандардың аздығынан болып отыр ма?
Бұл жағдай көбіне отбасынан басталады. Келеңсіз жағдайлар көп. Отбасылардың арасында қарым-қатынас дұрыс емес. Соның айғағы бұны зерделеу керек. Бір мектепте 1 000 бала болса, бір психолог қалай үлгереді? Олар 45 мың жалақы алады. Осындай жағдай орын алса басқа мектепке ауысып кетеді. Жұмыстары оңай емес. 400-500 оқушысы бар мектепке бір психолог жұмыс істеуі керек. Бүкіл жұмысқа сараптама жасауы керек. Оңай емес…