«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» шаршы метрі 200 мың теңгенің пәтерлеріне конкурс жариялайды

384

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» шаршы метрі 200 мың теңгенің пәтерлеріне конкурс жариялайды. «Өз үйім» бағдарламасы аясында салынған баспаналарды банк салымшылары ала алады. Пәтерлердің жайлылығы қалай, конкурсқа қатысушыларға қандай талаптар қойылады?

Шымкенттегі Күншығыс шағынауданындағы Пазиков көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй пайдалануға дайын. Барлық коммуникациялық жүйелер жүргізілген. Әрлеу-сылау жұмыстары да да аяқталып келеді.

Жайлылылығы жағынан 3 класқа жатқызылған пәтерлердің максималды ауданы 58,80 шаршы метр. Кең, жарық толықтай жөндеуден өткен баспаналарды кез-келген салымшының иеленуіне мүмкіндігі бар. Тек жинақ шотында 500 мың теңгеден кем емес қаражат болуы тиіс. Өтінішті Банктің интернет ресурсында беруге де болады. Өтініш берушінің иеленген балдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Қатысуға өтініш беру мерзімі үстіміздегі жылдың 4 наурызына дейін жалғасады. Нысан келісілген болып анықталған жағдайда балдарды есептеу күні 5 наурызға жоспарланып отыр. Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50 пайызы болған жағдайда мүмкін болады.