Ташкент — Шымкент бағытында веломарафон басталды

657

Өзбекстан астанасында Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясындаТашкент-Шымкент бағыты бойынша веложарыс басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Веложарыс Шымкент әкімінің бастамасымен, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Веложарысқа 130-дан астам адам қатысуда, маршруттың жалпы қашықтығы 125 шақырымды құрайды.

Веломарафонның ресми ашылу салтанаты қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішінің алдында өтті. Шараға Өзбекстанның ресми тұлғалары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Іс-шараның ресми бөлімін Өзбекстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев ашты.