Телефон ұрлап… татуласты

480

ОҚО Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған, яғни жәбірленуші О.С.-ның ««Fly»» маркалы ұялы телефон ұрлап, оған 4 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген азаматша А.Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен татуласу келісіміне келді. Сот қаулысымен азаматша А.Д.-ға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.