Биыл Бәйдібек ауданының құрылғанына 90 жыл толмақ. Осыған орай ауданда бүгінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күні кеше Ақбастау ауылының атырабында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ауданның 90 жылдық мерекесіне орай сазгер, «Ақмаржанның» авторы, әнші, Заттыбек Көпбосынұлының демеушілігімен туған жеріне ат шаптырып, көкпар өткізді.
Көкпар ойыны басталғанға дейін Ақбастау атырабына арнайы сахна орнатылып, еліміздің эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Асхат Тарғын, Абай Бегей, Ернар Айдар және Рысдәулетовтер отбасылық ансамбілі әннен шашу шашты.