Сарыағаш АІІБ ПБ-нің кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен, онда Сарыағаш-Шардара тас жолында мекеме автокөлігінің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны көрсетілген.
Оқиға орнына барған жедел тергеу тобының анықтағанындай бетперде киген белгісіз тұлғалар жүк көлігін тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыларға қарумен қорқытып, миллион теңгеден астам ақшаларын алып кеткен. Жәбірленушілердің бірі Сарыағаш ауданының тұрғыны жарақаттанып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Сарыағаш АІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады, олар 25 жастағы жергілікті тұрғындар. Полицейлер қарақшылық шабуылға қатысы бар үшінші сыбайластарына іздеу жариялады.
Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы