Жүргізуші куәлігін ХҚКО алуға болады

835

Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары көптеген қызмет түрлерінің қатарын арттыруда. Алдағы уақытта аудан орталығында тұратын азаматтар жүргізуші куәлігін кәдімгі халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға мүмкіндігі болмақ.

Бұрын ауызекі тілде «автоцон» аталып кеткен, яғни, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баратын. Облыс орталығындағы МХҚКО Достық шағынауданында орналасқан. Қаланың шеткі аумағында орналасқан орталыққа қатынау қиындық тудыратын.

Арнайы белгілер де қойылмаған. Ал көлік жүретін жолды көше деп айтуға ауыз бармайды. Ойдым ойдым шұңқыр тесігі көп көшемен жету қаншама уақытты алады. Енді аталған қызмет түрлерін алу үшін онда ат арылтып барудың қажеті жоқ…

Сондай-ақ автокөлікті де қарапайым халыққа қызмет көрсету орталығында тіркете алады. Бүгінде еліміздің 10 облысында 23 ауданаралық және аудандық тіркеу-емтихан бөлімдері мен әкімшілік полиция бөлімдерін кезеңдік қайта орналастыру жұмыстары жүрігізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Сайрам аудандық ІІБ тіркеу-емтихан бөлімінің жүргізуші куәлігін беру бөлімі мен Түркістан қалалық тіркеу емтихан бөлімі көшірілетін болады. Бұдан өзге де өзгерістер орын алуы бек мүмкін. Мұның барлығы да азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр.