Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайына қарасты Таукент мәдениет үйінде алғаш рет драма үйірмесінің ұйымдастыруымен ақын, драматург Байділдә Айдарбековтің «Жұмаққа жетелер жол» қойылымы сахналанды.
Қойылымды тамашалағандар жақсы әсер алып, жоғары баға берді. Қоғамдағы теріс қылықтар мен тəрбие түйткілдерін меңзейтін «Жұмаққа жетелер жол» екі бөлімді драмасы көрерменге ой саларлық тұщымды дүние. Бүгінгі қоғамда орын алып отырған өзекті мәселе де, тәрбиеде кеткен кем-кетік те қойылымда көрініс тапқан.
Жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуді меңзейді. Көрермен көңілінен шығып, өз бағасын алған қойылымның режиссері Үміт Мамуова. Режиссердің шеберлігі қойылымның өн бойында өріліп отырады. Басты рольдерді Жандос Жомартов, Үміт Мамуова, Бағлан Ержігітов, Асан Думан және Ақерке Жұмашева сомдады. Актерлердің шынайы ойыны қойылымның шырайын ашты.