Биыл қоныс тойын тойлайтындардың қатары артпақ. Әкімшілік іскерлік орталығы маңында салынып жатқан 9 қабатты 10 тұрғын үй биыл жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Оның құрылысы былтыр басталған болатын.
Бұл үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға беріледі. Сатып алу құқығы жоқ жалға берілетін үйлерге тізімде тұрғандар көп. Құрылысты жандандыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп отыр.
Шағынауданда салынып жатқан үйлер жалға берілетін және несиеге алынатын үйлер. Бүгінде мұнда құрылыс қайнап жатыр. Құрылысшылар жыл аяғына дейін яғни, белгіленген мерзімде тапсырып үлгереміз деп отыр.