Жылдар бойы белгісіз аурумен күрескен Лаура Сағатова қайтыс болды. Ауыр қайғыдан еңсесін көтере алмай қалған анасының айтуынша қызы Астанаға жеткізілген сәтте үзіліп кеткен.
Анасы «дәрігерлер қызыма жүрек және өкпе жетіспеушілігі және іркілістік пневмнания деген диагноз қойған. Кезінде ташкенттік дәрігерлер науқасқа тұқым қуалайтын митохондриальді энцефаломиопатия диагнозын қойғанымен, қазақстандық дәрігерлер оны растамаған», — дейді Айнагүл Елтаева.
Қыз беске толғанда асқа зауқы болмай, арықтай бастаған, 10 жасында қыздың салмағы небәрі 11 кг еді. Оны емдеуге нақты диагноздың болмауы да кедергі жасаған. Балалар омбудсмені Зағипа Балиева көмекке келген соң қыздың отбасында оны шетелде емдеу мүмкіндігі туды.
Өкінішке қарай, қыздың анасы Оңтүстік Кореяға құжат жинай бастаған кезде Лаураның жағдайы күрт нашарлап, 21 ақпанда жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.