Жылыту маусымы қарызсыз аяқталды

683

Шымкент қаласында жылыту маусымы наурыз айының 24-ші жұлдызы күні аяқталды. «Қуат жылу орталығы 3» мамандарының айтуынша Шымкенттегі 1 811 көпқабатты үйлерге 153 күн үздіксіз жылу берілген. 2017 жылдың қазан айының 20 жұлдызынан жылуға қосу басталып төлем ақы бірінші қарашадан бастап есептелді. Жылу беру маусымы аяқталысымен «Қуат жылу орталығы 3» МКК алдағы қысқа дайындықа кірісіп кетті.

«Жылу орталығы 3» мекемесінен беріліп жатқан жылудың тұрғындарға сапалы жеткізілуіне «Қуат жылу орталығы» жауапты. Қызметкерлер жылыту маусымында екі мәрте оқу жаттығуын өткізді .Ондағы мақсат орын алған апатты жағдайда сала мамандарының әрекеттерін пысықтап, қажетті тахника мен құрал сайманның сайлылығын анықтау болатын. 4 жерде көлемі үлкен құбыр жарылып, жертөлелерде 170 ақау анықталды. Бірақ бәрі дер кезінде жойылып тұрғындар тарапынан шағым болмапты.

Пердебай Сәбитов, «Қуат жылу орталығы» МКК бас инженері: «Қыс бойы қалай жұмыс істегенімізге бағаны тұтынушылар береді. Дегенмен биыл алғаш рет жылу үшін ешқандай қарызымыз болмай аяқтадық . Енді алдағы маусымға дайындық басталады».

Жылыту маусымы аяқтала сала, көпқабатты үйлерге беріліп жатқан ыстық судың мәселесі күрделі болып қалады. Қала тұрғындарының көкейіндегі бұл сауал жылда туындайды және жаз мезгілінде ыстық сусыз қалатындарын айтады.

Сала мамандарының айтуынша жылу маусымының аяқталуы жылы су алатын көпқабатты үйлерге әсері болмайды. Шымкент қаласында ыстық су алатын 200 үй бар. Оларға берілетін ыстық су «Жылуорталығы 3» мекемесі алдағы қысқа дайындық жұмыстарына кіріскен кезде ғана өшіріледі. Ыстық су алатын үйлердің санының кемдігі де өз әсерін тигізеді екен.

Пердебай Сәбитов «200 үйге ыстық су беру «Жылу ороталық 3» мекемесіне тиімсіз. Шығынды ақтамайды және олар да өз қондырғыларын алдағы жылуту маусымына даярлауы қажет» дейді.

Міне, осылайша 153 күн бойы үздіксіз жылу берген мекеме биылғы жылыту маусымын қорытындылады. Бір қуантары биыл «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ алдында жылдағыдай миллиардтаған қарызы қалмады.

Нұрлан Күдерұлы