Зообақ — сауда жасайтын орын емес ! Директордың осындай қатаң талабы 13 кәсіпкердің ісін тоқтатты. Дүңгіршектер талапқа сай болмағандықтан қуылдық дегендер, жалға беру құнының да көтеріліп кеткенін айтады.
Ал зообақтың бұрыңғы басшысы жануарлар өлімінің жиілеп кеткеніне алаңдайды. Басынан дау арылмайтын мекеменің бүгінгі басшысы бұл шағымдармен келіседі. Нұрғазы Бұқарбаев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысы: «Мен келген кезде 35 точка болатын. Байқасаңыз, даму жағынан кету үшін, біріншіден азайттым. Ол жерді кәдімгідей базар қылып жіберген еді. Мен келген кезде базар сияқты еді. Шығарып жібердік, будкасы да жоқ, әйтеуір кленка-мленка тұратын». Зообақ келушілеріне суы мен тәттісін сатып, күнелтіп келген кәсіпкерлер құқығымыз тапталды дейді. Айтуларынша, үш жылдан бері басшылыққа келген Нұрғазы Бұқарбаев дүңгіршіктерімен қоса, қуып шыққан. Алдымен құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп желеу айтса, кейін отырған орның таза емес деп жала жапқан. Нәтижесінде, 13 кәсіпкер напақасынан айрылыпты. Гүлжан Абдуллаева, кәсіпкер:»Осы жерде сауда жасап, нан тауып отырдым. Отбасымды асырадым. Оны жылдан бері отырыпсың, жағдайыңды жасап алған шығарсың деп шығарып салды. Жаңа басшы қарапайым халықтың жағдайын ойламайды. Кәіспкерлерге жағдай жасап жатырмыз дейді,осыма жасағандары?»
Гүлстан Жарасбева, кәсіпкер:»Әкімшілік, саудаға рұқсат жоқ деп айтты деген соң, мақұл дедім, кеттім. Бірақ, менің орнымда басқа будка болмасын дедім, енді барсам, басқа тура менікі сияқты будка тұр. Оның арендасы 150 мың теңге дейді. Бұл не сұмдық. Бұрын 16 мың теңге төлейтінбіз ай сайын. Бірінші келгенде будканы жаңарт деді, жаңарттым. 500 мың теңге кредит алып жасадым, енді келіп, менің сол будкамды лақтырып тастаған». Зообақтың қазіргі басшысы Нұрғазы Бұқарбаев кәсіпкерлердің назымен келіседі. Бірақ, хайуанаттар бағын көркейту үшін жанын салып жатқанын айтады. Сондықтан да, талапқа сай келмейтін дүңгіршіктерді сүріп, құрылыс жүргізгенін, орнына заманауи сауда орындарын орнатып, жалға берілетінін жасырмады. Әрі бағасының көтерілгенін де растады. Ол қаржылар соңғы жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан құрылыс жұмыстарына жұмсалады екен. Ал зообақтың бұрыңғы басшысы Сейдулла Жұбаев мекеме қызметкерлері наққақтан нақақ жұмыстан қуылып, маман қалмай барады деп ойлайды. Салдарынан жануарлар әсіресе, қызыл кітапқа енгендері өліп жатыр дейді. Айтуынша, 55-60 жануар өлген. Осының барлығы мамандарының жауапсызды, біліксіздігі кесірінен дейді. Ал қазіргі басшы, үш жылда өлді деген 55 жануардың қазасын жоққа шығармады. Өмір бар жерде өлім бары, табиғи заңдылық дейді. Ал, бұрыңғы басшыны қорғаны етіп алған кәсіпкерлер құқығымызды таптатпаймыз деп отыр. Құзырлы орындарға шағымданып, керек болса, Елордаға аттанатындарын айтты. Ал қазіргі басшының талабы өз күшінде. Бар мақсаты шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнын заман көшінен қалдырмай, хайуанаттар санын арттыру, қорған болу.