kgmu.kz

15 сәуір сағат 22:00-де Шымкент қаласында «Ғашықтар күніне» орай ауқымды флешмоб ұйымдастырылмақ. Ұлттық мерекені ерекше тойламақты ниет еткен 250 жұп түнгі аспанға жарық шамдарын ұшырып, тілек тілемек.

Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Арнайы ұйымдастырылатын шараға үн қатуға ниеттілердің барлығы да шақырылады. Шара Т.Рысқұлов көшесінің бойындағы «Север» сауда үйінің алдында өтпек.