Облыстық клиникалық ауруханада өңіріміздегі гинеколог, онкогинеколог мамандардың біліктілігін арттыру үшін арнайы шеберлік сабағы өткізілуде. Мамандар гинекологиялық зерттеудің заманауи әліс тәсілдері мен эндоскопия мен экзоскопиялық технологияларды меңгере отырып, жатыр ауруларының асқынуларын емдеу тәсілдерін үйренуде.
Шеберлік сабағын мәскеулік медицина ғылымдарының докторы Л. Каппушева және Қазақ онкология ғылыми херттеу институыты мен Қазақ репродуктивті медицина ассоциациясының білікті дәрігерлері өткізуде.
Жоғары білікті дәрігерлерден бөлек оқыту сабағына медбикелер де қатысуда. Шеберлік сабағын өткізудегі басты мақсат — клиникалық жағдайда эндоскопиялық құрылғыларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес жатыр монйы ісігі екінші орында тұр. Жыл сайын осы ауру мыңдаған адамның өмірін жалмайды. Мамандар алдын алу жұмыстарын жүргізіп, диагноз қоюды жетілдіргенде және емдеу ісін дұрыс ұйымдастырғанда аталған тажалдың алдын алуға болады деп есептейді.