Қазақстан мен Қытай арасындағы Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде елімізде 51 жоба жүзеге асырылуда. Оның 5 жобасы күнгейде қолға алынды. Атап айтсақ, Модернизациядан өткен Шымкент мұнай зауыты мен мақтадан жіп өндіретін зауыт пен металлургия өндірісіндегі серіктестік.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм саласындағы ынтымақтастықтарын арттыруды көздейді. Осы мақсатта бүгін облыс әкімі Бас консул Чжан Вэй мырза бастаған қытайлық консулдық өкілдерді қабылдады.

Оңтүстік өңірі мен Қытай бірнеше бағытта ынтамақтастық жасай алады. Сауда-экономикалық, мәдениет, гуманитарлық және туризм бағытында қос тартаптың бірлесіп тындыратын жұмысы алды. Қонақтарды бастап келген ҚХР Алматыдағы консулы осыған дейін күнгейде болғанын айтады. Демек, өңірдің мүмкіндіктерінен хабардар. Оның ойынша мұнда инвесторларға жан-жақты жағдай жасалған.

Аймақ басшысы қос тарап арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жылдан-жылға нығайып келе жатқанын айтады. Қазақстан мен Қытай арасындағы Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде елімізде 51 жоба жүзеге асырылуда. Оңтүстікте көрші елмен бірлескен 5 жоба қолға жүзеге асуда. Ол модернизациядан өткен Шымкент мұнай зауыты мен мақтадан жіп өндіретін «Хлопкопром целлюлоза» зауыты, металлургия өндірісіндегі «Амир-А» ЖШС-гі мен полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеп, штапельді талшық шығаратын кәсіпорыны және түйе сүтін өңдейтін зауыты.

Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін, тамақ өнеркәсібін, тұрмыстық қалдықтарды өңдеуде әріптестік байланыс жасау жолдарын қарастырды. Қытай тарапы энергетикалық ресуртсарды, қала құрылысын, инфрақұрылымды дамытуда жұмыс істеуге әлден ақ дайын екендіктерін жеткізді.