«Үздік оқырман отбасы» анықталды

1049
Арыс қаласы әкімдігі

Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен байқау «Үздік оқырман отбасын» анықтады. Кітап-рухани байлықтың түп қазығы. Кітапқұмарлықты арттыруда отбасындағы тәрбиенің алар орны ерекше. Оқулық — жанұядағы ата-әженің мол мұрасы іспеттес.

Сондықтан Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен «Үздік оқырман отбасы» байқауы жанұя мүшелерінің кітапқа деген қызығушылығын оятып, білімдерін саралап, жан-тәнімен кітап сүйе оқитын оқырман ретінде танытты.

Іс-шараны Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Садықова ашты. Сондай-ақ, байқау шартына сәйкес, қатысушы отбасылар қазақ халқының ежелгі Сәукеле кигізу», «Өңір салу», «Сүйіндіру», «Аушадияр», «Шөмір қағар» дәстүрлерін сахналады. Барлық үміткерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.