Ұрлықтың өзгеше түрімен айналысқан…

380

Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не, жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз тұлғаның үйіне жасырын кіріп, мүліктерін ұрлап 1,5 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабымен СДТБТ тіркелді.

Аталған жайт негізінде ОҚО ІІД КПБ және Қаратау ПБ-нің жедел уәкілдері бірлесе атқарған жедел – іздестіру іс-шаралары барысында, күдікті азамат анықталып ұсталды.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің бұдан бөлек 4 ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі  белгілі болған. Орын алған қылмыстың барлығы қала аумағындағы жеке үйлерге жасалған. Күдікті үйлердің егесіз, қараусыз қалғанына толық көз жеткізгеннен кейін, терезе арқылы ішке кіріп, газ пештер, батареяларын ұрлап отырған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 4 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары пәтер ұрлықшыларының құрбаны болмау үшін, тұрғындарға сақ болуын ескертеді, өзінің мүлкіне мұқият болу, пәтердің есік-терезесін ашық қалдырмау, үйдің терезелеріне қорғаныш торлар мен дабыл қондырғыларын орнату, ақша және бағалы заттарды сенімді жерге сақтап қою, сонымен қатар үйге бөгде адамдарды кіргізбеу секілді сақтық шараларын жасауға кеңес береді.

Егер де Сіз, осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне немесе полицияға дереу хабар беріңіз.