Қызанақ күйесі шаруалардың еңбегін еш етуі мүмкін. Қалалық аумақтық инспекция мамандары мен фитосанитарлар осылай деп дабыл қағады. Мәліметтерінше, Шымкентте қызанақ күйесі анықталған. Қызанақ күйесі өте тез дамып өседі.
Шымкент қаласы аумағында қызанақ күйесімен залалданған жылыжай көлемі 4,70 га. Зерттелген жылыжайлар саны 78, оның ішінде залалданған саны – 6.
Қызанақ күйесі көшетпен, өнімдермен, қораппен және жақын жерге ұшу жолымен таралады. Жергілікті сала мамандары мен ғалымдар қала төңірегіндегі жылыжайларда, ашық топырақта көкөніс дақылдарымен айналысатын шаруаларға зиянкеспен күресу жолдарын үйретті.
Мамандар зиянкес анықталған бойда 55-11-74 байланыс телефонына дер кезінде хабарласу керектігін айтты. Зиянкестерге қатысты мәлімет аламын десеңіз, Шымкент қалалық аумақтық инспекциясы Қабанбай батыр даңғылы, 9В мекенжайында орналасқанын хабарлаймыз.