Ұрлаған затын қайтарып беріп құтылды

440
Islam.kz

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3- ші тармағымен айыпталған  сотталушы К-ға қатысты қылмыстық ісін қысқартылған тәртіппен қарады.

Сотталушы К.  Ш.-ның үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан ақша мен зергерлік бұйымдарды жасырын жымқырып, жәбірленуші Ш.-ға жалпы 340 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, оған келтірілген зиянды қалпына келтіргені анықталды. Осы орайда жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Бұл ретте сотталушы қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты жасағанын, ол жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын және оған келтірілген материалдық зиянды қалпына келтіргенін назарға алып, сот ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Үкім заңды күшіне енген.