2 млн. теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды

593

2017 жылдың мамыр айында, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, онда белгісіз тұлғаның үйіне жасырын кіріп жалпы құны 2 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен тіркелді. Ал, 2018 жылы облыс аумағында орын алған қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында ОҚО ІІД КПБ, ҰҚҚК және Еңбекші ПБ қызметкерлері бірлесе отырып жүргізген жедел –іздестіру іс –шаралары барысында, аталған дерекке күдікті алдын сотты болған, орта жастағы азамат анықталып ұсталды.

Полицейлер анықтағандай, күдікті жәбірленушінің үйіне кілт таңдау арқылы кіріп, алтын бұйымдарды қолды еткен. Содан соң ұрланған алтындарды сату орындарына өткізіп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы