«Жаңа күн» бағдарламасының кезекті қонағы №47 Т. Тәжібаев атындағы мектеп- гимназиясының 10 сынып оқушысы Аяна Сейдахмет және жетекшісі Мафруза Әділбекова:
— Аяна қай пәннен қатысты, олимпиада қай қалада өтті?
Мафруза Әділбекова:
— Біз қазақ тілінің туын көтеріп Қостанайға барып қайттық. Аянаны осы салаға арнайы дайындадым. Олимпиадаға облыстың атынан бір жетекші бастап барды. Жетістікпен оралып бәрімізді қуантып отыр.
— Аяна олимпиада қалай өтті?
Аяна Сейдахмет:
— Республикалық пәнаралақ олимпиададан қазақ тілі мен әдбиетінен үшінші орын алдым. Өте жоғары дәрежеде өтті. Мұғалімнің, мектептің жетістіктерін көрсетіп еңбегімнің арқасында жоғары дәрежеге қол жеткіздім. Олимпиаза екі турда өтті. Бірінші турда шығарма, екінші тақырыпта эссе жазу болды. Екінші турда қазақ тілі мен әдебиетте теориядан сұрақтар келді. Осы жылы Астананың 25 жылдық мерейтойына байланысты «Астана — Тәуелсіздік тұғыры» атты шығарма жаздым. Бізге тапсырма берілгенде таңдау бойынша үш тақырып болды. Әдебиеттен өтілген тақырыптар бойынша біріншісі еркін тақырып болды. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны, Сүйінбай Аронұлы жайлы «Сүйінбай айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты тақырып болды. Мен еркін тақырыпты таңдадым.
— Жарысқа өзіңнен басқа қанша оқушы қатысты?
— Жарысқа жалпы қазақ тілі әдебиетінен 10 -шы сыныптар арасынан 37 адам қатысты. Барлығының дәрежесі бірдей болды. Бірдей мүмкіндікпе жн қатысты. Дегенмен Алматы облысының оқушылары ерекше көрінді. Олар арнайы қазақ тілі мен әдебиеттен тереңдетіліп оқытылатын мектептің оқушылары болғандықтан әрине ерекшеленеді ғой.