Осыған дейін ОҚО-да ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды деп хабарлаған болатынбыз. Дәл қазір ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев бұл туралы ресми түрде мәлімдеме жасады.
«ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобы ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы Ауғанстанның төрт тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3 500 доллар (шын ақша) және 30 000 доллар (муляж) мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұсталды», — деп мәлімдеді Садубаев.
Ұсталған азамат Шымкент ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.