Балмұздақтан уланғандардың біразы ауруханадан шығарылды

510

Балмұздақтан уланған шымкенттіктердің дені ауруханадан шығарылды. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 28 адам ем алып жатыр. Олар ағзасынан сальмонелла таяқшаларының бары анықталған — жүкті әйел, 11 бала, 8 жасөспірім, 9 ересек адамдар.

Арасында құйылмалы балмұздақ даярлаған «Южное» жекеменшік сауда орнының қызметкерлері де бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында нақтылағанындай, ауруханадағы бұл емделушілер дертінен айықпайынша, шығарылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте наурыздың 28-і мен сәуірдің 2-сі аралығында балмұздақтан ұшынған 188 адам дәрігер көмегіне жүгінген болатын.