Шымкент – Астана бағытын бетке алған әуе лайнері жұртшылыққа таныстырылды. Мамандар заманауи талапқа сай жетілдірілген әуе қозғалтқышы отандық авиацияның дамуына айқара жол ашады деп үміт артады.
Еш қонбастан арақашықтықты 8 сағат ішінде бағындыруға да қабілетті дейді мамандар. Су жаңа лайнер халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығының өкілдеріне таныстырылды. Онда елдегі авиацияның дамуы мен оған қолбайлау болып жатқан факторлар да ортаға салынды. Салаға жауаптылар өзгелермен салыстырғанда Қазақстанда керосин бағасының әлдеқайда қымбат екенін де жасырмады.
Әуежайлардың шет елдік ұшақтарға отынды тиісті формулаға сай босатпайтыны да мәлім болды. Ал керосин мәселесін оңтайлы шешкен «Скат » авиакомпаниясы басшылығы үнемді әуе лайнерлерінің алтауын сатып алмақ. 115 млн. теңге тұратын ұшақ бізге жеңілдікпен берілді дейді олар.